"Еуразиялық Топ" ЖШС дивиденд төлеу туралы шешім қабылдады

1174

"Еуразиялық Топ" ЖШС  дивиденд төлеу туралы шешім қабылдады

"ССКӨБ" АҚ барлық дауыс беруші акцияларын иеленіп отырған, сенімді басқарушы – "Еуразиялық Топ" ЖШС 2017 жылдың бірінші жарты жылдығын қорыта келе, дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады. Артықшылықты акция иелеріне 2017 жыл үшін кепілдендірілген мөлшерде дивидендтер төленетін болады, сондай-ақ "ССКӨБ" АҚ бір қарапайым акциясына белгіленген көлем мөлшерінде дивидендтер қосымша аударылатын болады, деп хабарлайды Еуразиялық топ корпоративтік коммуникациялар департаментінің баспасөзінен.

Естеріңізде болса, 2017 жылдың шілдесінде 2016 жылдың қорытындысы бойынша дивиденттер төлеу туралы шешім қабылданғаны жарияланып, ағымдағы жылдың шілде айында төлем жүргізілген болатын.  

"ССКӨБ" АҚ ірі акционері – ENRC NV компаниясы аталған дивидендтерді 2016 жылғы дивиденттер сынды компанияның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету аясында бұрын алынған топішілік займдарды төлеуге жұмсамақ.

2017 жылдың бірінші жарты жылдығында ССКӨБ қаржылық нәтижелері 2016 жылғы көрсеткіштерді лайықты жалғастырып, дивиденттер төлеуге мүмкіндік берді.

Еуразиялық Топ (ERG) кәсіпорындары қатарында Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігінде де дағдарысқа қарсы бағдарлама жүзеге асырылды. Ол басқару жүйесін жетілдіру, соның ішінде сатып алуларды жүйелеу, өнімнің өзіндік құнын төмендету, тұтынушылармен тікелей жұмыс істеу сынды басым бағыттарды түгел қамтыды. 2014 және 2015 жылдары қарапайым акцияларға дивидендтер төленбеді. Ал, артықшылықты акцияларға кепілдендірілген мөлшерде төленген болатын.

2017 жылдың алғашқы жарты жылдығының нәтижелері бойынша дививдендтер 2017 жылғы 31 тамыздағы акционерлер тізімі негізінде төленетін болады

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу