Қазақстанның Жамбыл облысындағы минералды тыңайтқыштар өңдейтін "ЕуроХим-Қаратау" химиялық кешені құрылысының құны 1,5 есеге өсті деп хабарлайды "ЕуроХим-Тыңайтқыш" ЖШС бас директоры Еркебұлан Мырзағалиев.
"Бастапқыда жобаның құны шамамен 1 млрд долларды құрайды деп мәлімдеген едік. Бұл шамамен есептелген қаражат болатын. Табиғи газбен қамтамасыз етуде қиындықтар туды. Қазір біз есептеп, жобаның құны арзанырақ, технология, жабдық арзан шамамен 1,5 млрд доллар болады деп айта аламыз", – деді Еркебұлан Мырзағалиев "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің тілшісіне.
Құрылыс мерзімі өзгеріссіз қалды – компания нысанды кезең-кезеңмен 2018 жылдың соңында – 2019 жылдың басында пайдалануға беруді жоспарлап отыр деді Еркебұлан Мырзағалиев
Жобаны іске асыру басынан бастап 203 млн доллардан астам инвестиция салынғанын айтты агенттіктің тілшісіне Жамбыл облысының әкімдігінде.
2015 жылдың соңында қуаттылығы жылына 1 млн тонна минералды тыңайтқыш шығаратын "ЕуроХим-Қаратау" химиялық кешенінің құрылысы басталды. Ол кезде жобаға салынатын инвестиция көлемі шамамен 1 млрд долларды құрайды деп күтілген.
Жобаның әлемде баламасы жоқ, ол жоғары сапалы фосфорлы тыңайтқыш шығаруға мүмкіндік береді.
Жамбыл облысының Жаңатас қаласында минералды тыңайтқыш өндіретін химиялық кешеніннің құрылысын "ЕуроХим-Тыңайтқыш" ЖШС" іске асырып жатыр.
"ЕуроХим" өндірістік қуаттылығы бойынша әлемдегі ең ірі агрохимиялық компаниялардың ондығына кіреді.