"ЕвроХим" халықаралық холдингінің құрамына енетін қазақстандық "ЕвроХим-Тыңайатқыш" кәсіпорыны 2017 жылы 515 мың тонна фосфорит кенін өндірді. Бұл 2016 жылғы көлеммен бірдей деп мәлімдеді компания өкілдері, деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".
2018 жылғы жоспар былтырғы деңгейде (515 мың тонна) сақталды.
2012 жылы "ЕвроХим" Көкжон және Гиммельфарб кен орындарынан фосфорит кенін өндіру үшін Қазақстан билігімен келісімшарт бекіткен болатын. Компания қазақстандық кен орындарының базасында тау-кен байыту комбинатының құрылысы жобасын жүзеге асыруды көздеп отыр. Сондай-ақ, фосфор, азот және кешенді тыңайтқыштар шығаратын зауыт салуды жоспарлауда.
Қазақстан фосфорит қоры бойынша әлемде АҚШ-тан кейін екінші орында тұр. Оңтүстік Қазақстанның Қаратау тауларында фосфорит кенінің ірі кен орындары орналасқан.
"ЕвроХим" минеральды-химиялық компаниясы – минеральды тыңайтқыштар өндіретін ресейлік ірі кәсіпорын. Бұл сала бойынша Еуропада үздік үштікке, ал әлемде үздік ондыққа енеді. Компанияның бас кеңсесі Швейцарияда орналасқан. Компанияның Бельгия, Қытай, Қазақстан, Литва, АҚШ және Ресей елдерінде кәсіпорындары бар.