"EXPO 2017" көрмесіне мүфтият та үлес қоспақ

671

"EXPO 2017" көрмесіне мүфтият та үлес қоспақ

"EXPO 2017" көрмесінің ашылуын тамашалауға елімізге әлемнің түкпір-түкпірінен қонақтар келеді. Оларға жайлы жағдай жасау, өздерінің салтына жақын қызмет көрсететін қонақүйлермен, тиісті тағаммен қамтамасыз ету шаралары ұйымдастырылып келеді. Мұсылман елдерінен келетін қонақтар да аз емес.

Мұсылман елдерінен келетін қонақтарға жоғары деңгейде қызмет көрсету мақсатымен Астана қаласының қонақүйлерін, қоғамдық тамақтану орындарын шариғат талаптарына сәйкес сертификаттау қолға алынып отыр, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Осыған орай Астана қаласы әкімдігінің "Астана конвеншн бюро" ЖШС-ның директоры Санияр Әйтекенов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлының қабылдауында болды. Кездесу барысында бас мүфти ҚМДБ халал сертификаттау саласында "Халал Даму" ЖШС қызмет етіп жатқанын айтып, бұл саланың мәні мен маңызына қысқаша тоқталды. Отырыс соңында тараптар бірлесіп жұмыс істеуге деген өзара ықыласын білдіріп, екіжақты меморандумға қол қойды.

Ендігі кезекте ҚМДБ мен Астана әкімдігі бірлесіп, қаладағы қонақүйлерді шариғат талаптарына сәйкес сертификаттау жұмысына кірісуді жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу