"EXPO 2023" көрмесі Аргентинада өтетін болды

860

"EXPO 2023" көрмесі Аргентинада өтетін болды

Буэнос-Айрес "EXPO 2023" көрмесін өткізу мәртебесіне ие болды, деп хабарлайды Хабар 24.

Халықаралық көрме бюросына мүше елдер осы ұйымның Парижде өткен 162-ші бас ассамблеясында келесі "EXPO 2023" мамандандырылған көрмесі өткізілетін ел ретінде Аргентинаға таңдау жасалды.

Кезекті көрмені өткізу үшін АҚШ, Польша және Аргентина өзара бақ сынасқан болатын. Таңдау оңай өткен жоқ. Американың Миннесота қаласы "Бүкіл әлемге денсаулық" тақырыбында тұсаукесер жасап, 25 дауыс жинаса, "Қаланы жаңғырту" тақырыбын ұсынған Польша цифрлық дәуірдің шығармашылық мүмкіндіктері туралы жоба түзген Аргентинамен тең түсіп, 46 дауысқа ие болды. Осыдан кейін екінші кезең өтті. Бұл жолы Буэнос-Айрес Польшаның Лодзь қаласына қарағанда 6 ұпай артық жинап, 62 дауысқа ие болды. Сонымен жаһандық көрме 2023 жылы 15 қаңтардан 15 сәуірге дейін Аргентинада өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу