Азия-Еуропа-Азия халықаралық интермодальдық тасымалдау "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ еншілес кәсіпорны -"KTZ Express" АҚ мен венгрдің ірі көлік экспедициялық "Rail Cargo Hungaria Zrt" компаниясы келісім жасады.
"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, маңызды құжатқа қазақстан-венгр бесінші Іскерлік кеңесінің бизнес форумында қол қойылды.
Кездесу барысында тараптар Азия мен Еуропа арасындағы халықаралық сауданы дамытуды көздейді. Келісім бойынша Қытай-Еуропа- Қытай жүк тасымалында мультимодальдық сервистік қызметті көтеру мақсатында Транскаспий халықаралық көлік бағдарына бірлескен түрде тапсырыс берушілерді тартуды мақсат етіп отыр.
Тараптар жүк тасымалдаушыларға қолайлы жағдай жасауға келісті. Оның ішінде еліміздің шекаралық Достық, Алтынкөл станциялары, Астана, Шымкент көлік-логистикалық орталықтарының инфрақұрылымын дамыту, Ақтау мен Құрық порттарының мультимодальдық кешендерін жетілдіруді көздейді. Сонымен қатар венгрлік шекаралық Захонь, Эперешке станциялары мен ірі интермодальдық Rail Cargo Terminal – ЖАҚ терминалын пайдалану жоспарланды.