"Фатима" көрермендерге жол тартты

1505

"Фатима" көрермендерге жол тартты

Алматыда 17 қазанда "Қазақфильм" АҚ түсірген "Фатима" атты толықметражды деректі фильмнің тұсаукесері өтті.

Бұл деректі фильм қазақтың үш ұлы тұлғасы ағартушы Біләл Сүлеев, ақын Ілияс Жансүгүров және жазушы Мұхтар Әуезовтың музасы және өмірлік серігі бола білген Фатима Ғабитованың (1903-1968) күнделігі мен хаттарының негізінде жасалған. Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ түсірді.

Фатима Ғабитова күнделікті 1916 жылдан бастап жүргізген. Күнделікте өзінің ойлары және мәдениет қайраткерлерімен жазысқан хаттары арқылы жиырмасыншы ғасырда орын алған елеулі оқиғалар: 1916 жылғы көтеріліс, төңкеріс, азаматтық соғыс, Қазақстандағы сауатсыздықты жою науқаны, қазақ әдебиетінің дамуы, шығармашыл зиялылылар қауымының қалыптасуы, 1930 жылдардағы ашаршылық, сталиндік қуғын-сүргін, 1940 жылдардағы "жылымық" көрініс тапқан.
Khabar.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу