"FOLLOW-UP" - инвестицияларды қолдау жүйесі іске қосылды

699

"FOLLOW-UP" - инвестицияларды қолдау жүйесі іске қосылды

Қазақстанға инвестициялық жобаларды қолдаумен және оларды мониторинг арқылы сараптаумен айналысатын Фоллоу-ап жүйесі бүгіннен бастап іске қосылды. Инвестицилар жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Ербол Тасжүрековтың айтуынша, бастама әзірше пилоттық режимде қосылған. Дейтұрғанмен, жүйе толығымен іске асырылғанға дейін зерттелмеген және сапасыз жобаларды өткізбейді. Бұл инвесторларға жасалып жатқан жалғыз жағдай емес. Биылғы маусым айының соңына дейін аймақ әкімдері ҚАЗАҚ ИНВЕСТ Ұлттық компаниясының штаттан тыс мүшесі деген құжатқа ие болады. Бұл аймақтарға инвестиция құятындар назардан тыс қалмауы үшін жасалып жатқан шара.

СНХ: Ербол Тасжүреков ҚР ИДМ Инвестициялар жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары

"100-ден астам жоба, инвестік жоба ішіне енгізілді. Қазіргі тесттік режимде системаны әзірлеп соны, мамандар жұмыс істеп жатыр. Биылдың жартыжылдығына дейін осы тесттік режимде болса да негізі қосылады. Бірақ әрине, кемшіліктер болады. Кемшіліктер болған күнде де осы жылдың аяғына дейін толық енгіземіз деп ойлап отырмыз"

Автор: Жалғас Зейнолла

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу