"Самұрық-Қазына" "Fortebank"-тегі депозитін құнды қағазға айналдырады

1885

 Бүгінде келісім аяқталу сатысында.

"Самұрық-Қазына" "Fortebank"-тегі депозитін құнды қағазға айналдырады

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ мен "Fortebank" АҚ бұрын депозитте орналасқан сомасы 220 млрд теңге қаражатты облигацияға конвертациялау туралы келісті, деп хабарлайды қордың қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті.

Бұл келісімге сәйкес қор тобын жалпы көлемі 220 млрд теңгеге паритетті негізде қаржыландырады. Оның ішінде қорға 75 млрд теңге, "Қазақстан Темір Жолы" ҰҚ" АҚ 75 млрд теңге және "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ 200 млн АҚШ долларына дейін көлемдегі қаржы қарастырылып отыр. Бұл туралы 3 тамызда биылғы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында алдын ала айтылды.

Қор "ForteBank"-тегі ахуал тұрақты және банктің өтімділік деңгейі қор тобына жарияланған көлемде қаржыландыруды ұсынуға мүмкіндік береді деп санайды.  Бүгінде келісім аяқталу сатысында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу