Геннадий Головкинді (38-0-1, 34 КО) ынталандыратын лайықты қарсылас табылса, GGG бір дәрежеге жоғары көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды "SPORTINFORM" САА.
"Марвин Хаглер барлық жекпе-жектерін орта салмақта өткізген. Бұл оның салмағы еді және одан ешкім жоғары көтерілуін сұраған да жоқ. Головкинге де басқа боксшылар сияқты мансабының осы кезеңінде айқасу үшін бір себеп болуы керек деген ойдамын. Оларға ынта керек. Егер ешқандай ынта болмаса, айналасындағы потенциалды қарсыластарының саны маңызды емес. Сені рухани тепе-теңдіктен шығаратын жігіт қажет. Егер ондай жігіт суперорта салмақта пайда болса, Головкин сонда көтеріледі. Болмаса, орта салмақта қала береді", - деді Абель Санчес.
Бапкердің сөзінше, Головкиннің жасындағы боксшылар залға көп бара бергісі келмейді. Мүмкін, режимнің ең қиын бөлігі осы шығар. Жекпе-жектің өзі қиын емес, егер Геннадий ынталанса, залға оралады. Бірақ дәл сондай қарсылас суперорта салмақтан табыла ма, жоқ па - білмеймін", - дейді жаттықтырушы.