"Халық банк" "Қазкоммерцбанк"-тің миноритарлық акционерлерінің үлесін сатып алуға ниетті. Әзірге, бұл қарапайым және артықшылық белгісі бар облигациялар мен құнды қағаздарға қатысты. Бір акцияны сатып алу құны - 142 теңге 67 тиын деп белгіленген. Сондай-ақ, артықшылық белгісі бар қағаздың ақысы - 71 теңге 55 тиын деп есептеліп отыр. Банк жеке акционерлерге ұсынысты қабылдауға 9 тамызға дейін уақыт берген. Еске салсақ, 5 маусымда "Халық банк" "Қазком"-ға тиесілі 96,81% акцияны, әрбірінің құнын 1 теңгемен бағалап, сатып алған. Қалған 3,19% акция тұрғындар үлесінде қалды. Енді жаңа қожайын "Қазкоммерцбанк"-тің жарғылық қорына 185 млрд теңге салуы тиіс.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу