"Иесіз қалған жер жетім" деген қазақтың сөзін ұмытпайық - Нұрсұлтан Назарбаев

1345

"Иесіз қалған жер жетім" деген қазақтың сөзін ұмытпайық - Нұрсұлтан Назарбаев

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияның 26-бабын кейінге шегере тұру қажет деп санайды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"Мемлекет басшысы Конституцияның 26-бабын өзгеріссіз қалдыруды ұсынғанын тағы бір мәрте еске салып: "Негізі, "Қазақстан азаматтарының" орнына "әркім" деген өзгерісті енгізуді заңгерлер қауымы толығымен қолдады. Себебі соның арқасында елімізге инвестицияны көбірек тартуға мүмкіндік бар. Инвесторлардың сенімі де арта түседі. Дегенмен, асығыстық жасамай-ақ қоялық. Бізге консенсус керек. Осыны кеңінен түсіндіру қажет. Бәрібір біз оған келеміз. Жер мәселесінде де ондай болады. Өйткені иесіз жер тозады. Оның құнарлығы жоғалады. Сондықтан күндердің күнінде оны түсінімуіміз керек. "Иесі жоқ жер жетім" деген қазақтың сөзі бар. Талай рет көргенбіз, қурай өсіп, жердің тозып кеткенін. Бұл бапты кейінге шегере тұрайық", – деді Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Президент заңды жолмен иеленген кез келген жеке меншіктің Конституциямен қорғалатынына баса назар аударды.

Естеріңізге сала кетейік, 1 наурыз күні Мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысында Қазақстан Республикасы Конституциясының қолданыстағы редакциясында меншік құқығына қатысты 26-бапқа ұсынылған түзетулер талқыланды. Жұмыс тобы мүшелері аталған нормаға ұсынылған өзгерістерге қатысты халықтан түрлі ұсыныс түскені туралы айтты. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан азаматтарының пікірін ескеріп, 26-бапқа өзгеріс енгізбеуді ұсынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу