Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев халықаралық "Industry and Engineering Corporation" компаниясының басқарушы директоры Н.Роузенгари мырзамен кездесті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі .
Соның нәтижесінде халықаралық компания мен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі арасында өңірде инфрақұрылым, жол және денсаулық сақтау сынды бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін меморандумға қол қойылды. Алдағы уақытта құжаттар рәсімделіп, халықаралық компанияға бірлесе жүзеге асыратын бірқатар ірі жобалар ұсынылатын болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу