"Иса" және "Досан" шекаралық кемесі пайдалануға берілді

1561

Маңғыстаулық екі батырдың аты берілген әскери кемелер Орал қаласындағы "Зенит" зауытында құрастырылған. 

"Иса" және "Досан" шекаралық кемесі пайдалануға берілді

Қазақстан Тәуелсіздігінің 27 жылдығына орай Баутино портында  әскери кемелерге әскери-теңіз туы тапсырылып, "Иса" және "Досан" атауы берілді, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Кеме басшылығына әскери-теңіз туын облыс әкімі Ералы Тоғжанов және  ҚР ҰҚК шекара қызметінің директоры Д.Ділманов тапсырып, сәттілік тіледі.

1870 жылы орыс отаршыларына қарсы көтерілген Иса Тіленбаев пен Досан Тәжиев сынды Маңғыстаулық екі батырдың аты берілген әскери кемелер Орал қаласындағы "Зенит" зауытында құрастырылған. Аталған шекаралық кемелер Қазақстанның мемлекеттік шекарасы мен континенттік шелфінің мемлекеттік аумақтық суларын қорғауда, аумақтық сулардан тыс террористік көріністерді болдырмау және мұнай-газ объектілерін қорғау міндеттерін шешуде,  балықты заңсыз аулауды бақылауда және  8 экипажды тасымалдауда пайдаланылады.

Теңіз айлағының құрылысы өткен жылдың соңында басталған болатын. Айлақтың ұзындығы 150 метрді құрайды, мұнда бір мезгілде 10 әскери кеме тоқтай алады. Баутино порты шекара күзеті кемелерінің Каспийдің оңтүстік және солтүстік бөлігіне жылдам шығуға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу