"Issmat investment & finance" Атырау облысындағы жобаларға 284 млн доллар қаражат салмақшы

1589

"Issmat investment & finance" Атырау облысындағы жобаларға 284 млн доллар қаражат салмақшы

Француздың "Issmat investment & finance" компаниясы Атырау облысындағы жобаларды іске асыруға 284 млн доллар қаражат салмақшы деп хабарлады өңір әкімінің орынбасары Ғұмар Дүйсембаев.

 "Issmat" компаниясы Индер ауданында 284 млн доллар тұратын жобаларды іске асырмақ. Олар көктемде келіп, жұмыс бастауға уәде беріп отыр. Бұл – 40 га  будандық жылыжай кешенінің құрылысы. Осы жылы олар 20 гектарды игермек. Олар иіс су өндіруге қажет лаванда гүлін өсіру үшін 1 мың гектар жер сұрады. Олардың ақпарына сүйенер болсақ, бизон өсіру мәселесін қарастырып жатыр. Еуропада бизон еті жеңсік ас болып саналады екен, оған деген сұраныс та үлкен", – деп атап көрсетті Ғұмар Дүйсембаев өңірлік коммуникация қызметінде.

Оның айтуынша, сондай-ақ инвесторлар өңірдегі қоқыс өңдеу зауыты құрылысын салуға қатысты мәселені қарастырып жатыр.

"Олар өңделген қоқыстың жартысын Индер ауданындағы пайдаланатын жерге тыңайтқыш ретінде қолданбақ", – деп түсіндірді Ғұмар Дүйсембаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу