"Қайрат" ағылшындық жартылай қорғаушымен келісімшарт жасады

705

"Қайрат" ағылшындық жартылай қорғаушымен келісімшарт жасады

Ағылшындық жартылай қорғаушы Мартин Малондо "Қайрат" клубымен келісімшарт жасады, деп хабарлайды vesti.kz.

Жартылай қорғаушы 52-нөмерді алыпты. Ол бірінші лигада өнер көрсететін "Қайрат А" командасында ойнайтын болатын. Малондомен  клуб арасындағы келісімшарт қанша уақытқа жасалғаны белгісіз. 
21 жастағы Малондо бұған дейін "Уотфорд" клубының екінші командасында және басқа да англиялық клубтардың сапында өнер көрсеткен. Оның бойының биікті 178 сантиметр, салмағы 65 келі. 
Еске салайық, бұған дейін "Қайрат" ганалық қорғаушы Гидеон Баа және бельгиялық Йорди Влегелспен келісімшарт жасаған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу