Қазақстандық "Қайрат" пен "Ертіс" Еуропа лигасындағы іріктеу сындарын бастады, деп хабарлайды 24.kz.
Алматылық клуб сырт алаңда андоралық "Энгордани" командасымен кездескен болатын. Матч қонақтардың айқын басымдығымен өтті. Алғашқы голды 5-минутта "Энгордани" сапындағы Вальтер Вагнер өз қақпасына соқты. Ал 25-минутта Бауыржан Исламхан есепті еселеді. Ол 11 метрлік айып добын сәтті орындады. Қайрат сапына жуырда ғана қосылған Мартон Эппель 90-минутта мергендігімен көзге түсіп, қорытынды есепті 0:3-ке жеткізді.
Енді қос команда 19 шілде күні Алматыда кездеседі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу