"Қайрат" клубынан бес бірдей легионері кетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Алматылық команданың сапынан хорватиялық футболшы Иво Иличевич, венгриялық Акош Элек, Тринидад және Тобаго құрамасының қорғаушысы Шелдон Бато, бразилиялықтар Исаэль мен Хуан Фелипе кетті. Сондай-ақ, биылғы маусым аяқталысымен Андрей Аршавин мансабын аяқтаған болатын.
Енді "Қайратта" биыл ойнаған легионерлерден тек Сергей Политевич, Адеринсола Эсеола және Мартон Эппель қалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу