"Қайрат" Парагульковпен келісімшартын ұзартты

596

"Қайрат" Парагульковпен келісімшартын ұзартты

"Қайрат" ФК Магомед Парагульковпен еңбек келісімін ұзартты, деп хабарлайды prosports.kz.

Ойыншымен жаңа келісімшарт 2+1 жүйесімен жасалды. Өткен маусымда Магомед негізгі команда сапында 8 матч өткізіп, 1 гол мен 1 нәтижелі пастың авторы атанған болатын.

"Қайрат" секілді клубпен жаңа келісімшартқа отырғаныма қуаныштымын. Ол менің туған клубым саналады. Алдағы маусымда чемпион атанып, Еуропа лигасының топтық кезеңіне өтеміз деп және алға қойған барлық жоғары мақсаттарымызды орындаймыз деп үміттенемін", -дейді Парагульков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу