Андрей Аршавиннің ізімен алматылық "Қайрат" сапынан тағы бір футболшы кетеді, деп хабарлайды prosports.kz.
Исаэль "Қайратқа" 2014 жылы ауысқан болатын. Клубпен бірге төрт рет Қазақстанның вице-чемпионы атанды, тағы бір мәрте қола медаль иеленді. Одан бөлек, бразилиялық футболшы үш рет ел Кубогында жеңіске жетсе, екі мәрте Суперкубок алды.
Алматылық клуб сапында Исаэл 120-дан астам матчқа қатысып, 37 гол соқты. Transfermarkt.de порталының бағалауы бойынша, Исаэльдің трансферлік құны 2 млн еуроны құрайды.
Айта кетейік, футболшы өз мансабында "Қайраттан" бөлек бразилиялық "Ресифе", "Коритибу", "Форталезу" және "Сан-Каэтано", түркиялық "Гиресунспор", португалиялық "Насьонал" және ресейлік "Краснодар" сапында ойнады.