"Қайрат" төрттік финалына өте алмады

935

"Қайрат" төрттік финалына өте алмады

Алматылық футзал клубы "Қайрат" испан командасы "Интер-Мовистардан" УЕФА кубогында ұтылып, төрттік финалына өте алмай қалды, деп жазады sputniknews.kz. 
Ойын D тобының мини-турнирі аясында испан қаласы Торрехон-де-Ардоста өтіп, 5:3 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.
"Қайраттың" президенті Қайрат Оразбеков пен бас бапкер Какау қызыл карточка алып қалды, ал 34-ші минутта қақпашы Игита екінші сары карточкамен алаңнан қуылды. 
Осылайша, төрттік финалында "Интер", португал командасы "Спортинг", венгриялық "Дьер" мен "Барселона" бақ сынасады.
Төрттік финалы 2018 жылы сәуірде қатысушылардың бірінің алаңында өтпек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу