Кахабер Цхададзенің отставкасынан кейін ресейлік БАҚ "Қайратқа" "Терек" пен мәскеулік "Спартактың" бұрынғы бапкерлері Рашид Рахимов пен Валерия Каприна келеді деп жазуда.
Алматылық "Қайрат" футбол клубының бас бапкері болып испандық маман Карлос Алос Феррер тағайындалды, деп хабарлады өзінің Instagram желісіндегі парақшасында Қазақстан вице-чемпиондарының бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев.
Ол испандықтың Қазақстан жастар құрамасының жас футболшыларымен жұмыс істеу тәжірибесі бар екенін атап өті. Феррер 17 жасқа дейінгі ел құрамасын жаттықтырды. Бұдан бұрын Боранбаев клуб өздерінің қазақстандық футболшыларын тәрбиелеп, солардың негіз құруға бет бұрғандарын мәлімдеген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу