"Қаламқас теңіз" бен "Хазар" мұнай кен орындары іске қосылады

2687

"Қаламқас теңіз" бен "Хазар" мұнай кен орындары іске қосылады

Тұралап қалған "Қаламқас теңіз" бен "Хазар" кен орындары қайта жандануы мүмкін. "North Caspian Operating Company" мен "Каспий Меруерті Оперейтинг Компани" арасында осындай келісім жасап отыр. Ақпарды Энергетика министрі Қанат Бозымбаев арнамызға берген эксклюзивті сұхбаты барысында жеткізді. Қазір NCOC пен КМОК құжат рәсімін жүргізуде. Әзірге жобаға – "Синергия" атты жұмыс атауы берілген. Қос консорциумның бірлестігі жөнінде қаңтар айында айтылған. Бірақ оның ресми расталмай келгені бар. "Қаламқас теңіз" бен "Хазар" Атырау облысындағы бір-біріне жақын, бірақ дербес тұрған кен орындар. Әрі 2013 жылдан бері қараусыз қалған. Болжамға бойынша, екеуінде шамамен 67 млн тонна мұнай және 9 млрд текше метр газ қоры бар. Егер жоба іске қосылса, алғашқы өндіріс 2022 жылы алынбақ. Ол мұнайдың өзіндік құнының айтарлықтай арзандауына сеп болмақ. Ендігі мәселе инветиция тартуда тұр.
 Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министір:
- Қаламқас мұнай деген кен орны бар. Ол қазір Қашаған операторы мен МСМ-мен келісім-шартқа отырайын деп жатыр. Қазір тиісті жобалар әзірленіп отыр. Ол – Синергия деген жоба. Жаңа мұнай кен орындарынан мұнайды өндіріп, бар болған инфрақұрылымды пайдалану деген. Ол өз әсерін мұнайды өндірудің процесіне береді. Әрине инветиция тартылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу