Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альвареске (50-1-2, 34 КО) Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) орта салмақтағы чемпиондық белбеуі табысталды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Салтанатты шара Мехикодағы Соумайя мұражайында өтті. Сонымен бірге, Альвареске WBC арнайы белбеуін ұйым президенті Маурисио Сулейман және мексикалық миллиардер Карлос Слима табыстады.
Альварес бұл белбеуге қазақстандық Геннадий Головкинді (38-1-1, 34 КО) жеңген соң ие болып отыр. Боксшылардың қарымтасы 15 қыркүйек Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу