Лас-Вегаста орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы 15 қыркүйекте өтетін қарымта жекпе-жегіне арналған қорытынды баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл боксшылардың басы қосылған алғашқы шара еді. Қарымта жекпе-жек алдында Альварес допинг дауына қатысты айтылған сөздерден кейін Головкинмен бірге шара өткізгісі келмеген.
Қорытынды баспасөз мәслихатында Головкин мен Альваресті сахнаға шақырды, алайда, "Канело" қарсыласына жақындағысы келмеді. Осыған байланысты жиналғандар дәстүрлі көз арбасуды тамашалай алмады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу