Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) Бүкіләлемдік бокс кеңесінің рейтингісіне (WBC) қайтып оралады. Бұл туралы WBC президенті Маурисио Сулейман BoxingScene.com порталына берген сұхбатында айтты.
"Канело" осы айдың басында "Таза бокс" бағдарламасынан шыққан үшін WBC рейтингісінен шығарылған еді. Оның қан құрамынаны тыйым салынған препарат табылған еді.
Сулейманның айтуынша, "Канело" маусымда рейтингке қайтып оралады VADA ұйымымен жыл бойы кез келген уақытта допинг тапсыруға уәде берді.
"Канело" маусымда рейтингте болады. Ереже бойынша басты шарт ол VADA бағдарламасында болып, допинг сынамаларын тапсырып отыру, - деді Сулейман. - Боксшының осы бағдарламада болуы, таза спортқа бір қадам алға басқанын білдіреді. Ол кез келген уақытта допинг сынамасын тапсыруға дайын болуға тиіс.