"Қаработан" ЖШС-ның 18 жұмысшысы асханадағы тағамнан ауырды

1677

 "Қаработан" ЖШС-ның 18 жұмысшысы асханадағы тағамнан ауырды

Жұмыс асханасында уланған Атырау қаласының "Қаработан" ЖШС-ның 9 жұмысшысының жағдайы тұрақты деп бағаланады, олардың өміріне еш қауіп жоқ. Қазіргі кезде орын алған жағдайдың себептері анықталуда, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.

2 қыркүйекте Атырау қаласының қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына "Жіті ішек инфекциясы" диагнозымен аталған ЖШС-ның 18 жұмысшысы жүгінгені белгілі болды, оның ішінде 10 адам "Ауырлығы орташа дәрежедегі жіті ішек инфекциясы" деген алдын ала диагнозбен ауруханаға жатқызылды.

Жұмысшылардың түскі асқа көкөніс салатын, бұршақ көже, күріш гарнирі мен балық, голубцы жегендігі анықталды.

Асхананың қызметі тоқтатылды, онда тамақтанған барлық жұмысшылар профилактикалық емдеуден өтті.

Себептерін тергеп-тексеру мақсатында өнімдердің сынамалары, сыртқы орта объектілерінен шайындылар зертханалық зерттеуге алынды, сондай-ақ ас блогының  қызметкерлері патогенді флораға зерттелді.

Зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша сальмонелла энтеритидис себілген. Алдын ала деректер бойынша аурудың жұғу көзі асхананың қызметкері болуы мүмкін, өйткені ас блогының бір қызметкерінен сальмонелла энтеритидис себілді. 

Ошақта эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу