Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында "Қарағанды - Томск" жаңа халықаралық №363/364 жолаушылар бағдары іске қосылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Томсктен Шарбақты станциясына келген алғашқы пойызды Шарбақты ауданының әкімі Әзілхан Әбеуов қарсы алып, жолаушыларға сәт-сапар тіледі. "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіндегілер бірінші күні барлық билет сатылып кеткенін айтады.
"Бұл бағыттың уақытылы іске қосылғандығын және тұрғындар үшін қажеттілігі зор екендігін көрсетеді. Пойыз үлкен ірі үш вагон мен үш салқындатқыштан тұрады. Әр вагон ауабаптағыш құралымен, жылумен және екі биодәретхана кешенімен жабдықталған. Штабтық вагонда мүмкіндігі шектеулі және арбаға танылған жандар үшін көтергіш құрал қарастырылған", - дейді баспасөз қызметінде.
Аталған бағдар Астана-1, Павлодар, Шарбақты, Құлынды бағытында қатынайды. Шарбақты және Құлынды станцияларында тексеру пункттері орналасқан. Қарағанды станциясынан сағат 23:24-те шыққан пойыз 07:45-те Томскке жетеді. Сапардың ұзақтығы шамамен 35 сағат 21 минутты құрайды.