"Қарағанды-Жезқазған" автожолының 233 шақырымы жөнделеді

1608

"Қарағанды-Жезқазған" автожолының 233 шақырымы жөнделеді

Биыл "Қарағанды-Жезқазған" автожолының 233 шақырымы жөндеуден өтеді, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Жезқазғанға жұмыс сапары барысында аймақтың жол жөндеу мәселелерімен танысып қайтты.

2018-ші жылы "Қарағанды-Жезқазған-Қызылорда" жолының 253 шақырымға созылатын бөліктерінде 2,8 млрд теңгеге орташа жөндеу жұмыстары өткізілетін болады.

Аталмыш жол бөлігінің 233 шақырымында жөндеу жұмыстары басталып кетті, оның ішінде Жезқазған-Жаңаарқа – 138 шақырым, 11 учаске, Қарағанды-Жаңаарқа – 95 шақырым мен 5 учаске бар.

Қарағанды-Жаңаарқа жол бөлігін қарап шыққан соң, аймақ басшысы жасалып жатқан жұмыстардың сапасына қатысты наразылығын білдірді.

"Мен мердігер ұйымдарға екі апта уақыт беремін. Осы мерзімде барлығын қалыпқа келтіруге тиіс. Бұл жолдың жөндеуіне біз қыруар қаражат бөлдік. Сапасы оған сәйкес келуге тиіс. Олай болмаған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгінетін боламыз", - деп атап айтты облыс әкімі.

Ерлан Қошановқа Қызылорда-Павлодар республикалық маңызы бар автожолдың 16 шақырым бөлігінде суық ресайклинг әдісі қолданылатыны айтылды.

"Бұл әдістің ерекшелігі – ескі жол қабатының 75%-ы қайта өңделіп, пайдаланылатынында. Біз оны шешіп алып, суық ресайкілеп, жабыстырғыш материалдарды қосып, қайта төсейміз. Жабыстырғыш материалдардың құрамында цемент болады, соның арқасында топырақ тұрақтандырылады. Жәнеде үстінен 6 см асфальт бетон жабынын төсейміз, - деп түсіндірді "Қарағанды Жолдары" ЖШМ басқарма төрағасы Ардақ Мұқажанов.

Сонымен қатар аймақ басшысы Атасу кентінде орналасқан асфальт-бетон зауыты мен үгу-сұрыптау құрылғысын аралап қайтты. Құрылғының өнімділігі сағатына 80 тоннаны құрайды. 
Зауыттың өнімі Қарағанды-Жаңаарқа автожолының жөндеу учаскілерінде пайдаланылады.

Қарағанды-Жезқазған автожолын қайт қалыпқа келтіру жобасы іс жүзіндегі жолды ІІ техникалық санатқа ауыстыруды көздейді. Онда жол жабынының күрделі типі (15 см асфальт бетон жабыны) қарастырылған, аталмыш жабын осьтік жүктемесі 13 тоннаны құрайтын автокөлік құралдарының жүруін қарастыратын қарқынды жүріске шыдай алады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу