"Қаражырада" өндірілетін көмірдің сапасы төмендеп кеткен

1314

"Қаражырада" өндірілетін көмірдің сапасы төмендеп кеткен

Көмір сапасының төмендігіне оның көп көлемде өндірілуі әсер етті. Бұл жөнінде бүгін "Қаражыра" АҚ бас директоры Марғұлан Макишев кәсіпорын мен облыс әкімдігі өңірдегі көмір қоймалары иелерінің арасында жылыту маусымы аяқталғанға дейін көмір бағасын көтермеу жөніндегі меморандумға қол қою кезінде айтты, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

"Қаражыра" АҚ бас директоры Марғұлан Макишевтің айтуынша, облысқа жоспарлы 851 мың тонна көмірдің орнына биыл 955 мың тонна жеткізілген. Демек 104 мың тоннаға артық.

"Көмір соның өзінде жетпей жатыр. Оның себебі "Қазақстан темір жолы" АҚ көмірге жеткіліксіз вагон бөлген. Сұралған 412 вагонның орына 330 вагон ғана берілген. Ал кен орнында көмір жоқ емес, бар. Өндірілген көмірдің тек 10 пайызы экспортқа шығарылады. "Қазақстан темір жолы"АК осы аптада ғана вагон санын 420-ға жеткізді",- дейді ол.

Сондай-ақ кәсіпорын басшысы жыл сайын өңірде көмір өндіру көлемі артып келе жатқандығын атап өтті. Кен орнында 2016 жылы 6 миллион, өткен жылы 7 миллион тонна көмір өндірілген. Биыл бұл көрсеткіш 8 миллион тоннаға жеткен.

"Көмір сапасының төмендеуіне көрсеткіштің артуы әсер етіп отыр. Алайда біз сапасыз көмірді қайтарып алудан бас тарпаймыз", - деді Марғұлан Макишев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу