Бірнеше күннен соң Алматыда өтетін Еуразиялық медиа форумына спикер ретінде британдық саяси қайраткер, "Карточный домик" атты әлемге әйгілі саяси триллердің авторы Майкл Доббс Қазақстанға арнайы келеді, деп хабарлайды silteme.kz.
"Карточный домик" триллері және басқа да әдеби атақты шығармаларының арқасында, лорд Майкл Доббс британдық саяси роман жазушыларының арасындағы ең атақтылардың бірі болып саналады. Лорд Доббс соңғы он жылдықта белсенді саяси қайраткер және Лордтар Палатасының мүшесі.
Ұлыбританияның премьер-министрі Маргарет Тэтчер болып тұрғанда Майкл Доббс оның кеңесшісі болып қызмет атқарған. Кейіннен Доббс Ұлыбританияның Консервативтік партиясы әкімшілігін басқарып, ВВС арнасындағы баспасөзге шолу жаңалықтар бағанасын жүргізген.
Майкл Доббс Еуразиялық медиа форумның екінші күні яғни, 23 мамырда "Қоғамға сенімділік эволюциясы: жаңа заманда қоғамды қалай басқаруға болады?" атты панельдік секциясына қатысады.