Маңғыстау облысының әкімдігі мен Украинаның "Арсенал-Киев" ФК арасында Маңғыстау футболын дамыту үшін спорт саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Меморандум өңірдегі футболды дамыту, "Каспий" футбол клубы мен Украинаның "Арсенал - Киев" арасындағы әріптестікті күшейту мақсатында жасалды. Сонымен қатар, маңғыстаулық талантты жас футболшылардың шеберлігін шыңдау үшін шетелдік клубтарға жолдама беру және инфрақұрылымды дамыту көзделген.
Аталмыш меморандум шеңберінде "Каспий" футбол клубының 2 ойыншысы - Мырзабек Алтынбек (Маңғыстау политехникалық колледжінің студенті) пен Нұрғазиев Жанболат ("Келешек" колледжінің студенті) "Арсенал-Киев" ФК-мен келісімшарт негізінде іріктеуден өтіп, жолдама алып отыр.