"Қауіпсіз тағам таңда" акциясы кезінде кей өнімдерден нитраттың көп мөлшері анықталды

1642

"Қауіпсіз тағам таңда" акциясы кезінде кей өнімдерден нитраттың көп мөлшері анықталды

Ақтөбе базарларында сатылып жатқан қарбыздарда нитрат жоқ. Бірақ, Түркістаннан әкелінген көкөністердің құрамында нитраттың көп мөлшері анықталды, деп хабарлайды kerek-info.kz. 
Ақтөбе облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті "Ұлттық сараптама орталығы" Ақтөбе облыстық филиалымен бірлесіп "Қауіпсіз тағам таңда" акциясын өткізді. Шара барысында орталық мамандары тұрғындар сатып алған өнімдерінің сапасын анықтауға кірісті. Тұтынушыларға ұсынылған тағамдардың барлығына сараптама тегін жасалды. 
"Өткен аптада Шалқар, Мұғалжар, Алға аудандарында акция өтті. Аудандық мәслихаттың депутаттарымен, "Атамекен" кәсіпкерлік палатасымен бірге жергілікті сауда орындарындағы көкөністерді, жеміс-жидектерді тексердік. Тексеру нәтижесінде жергілікті көкөніс, жеміс-жидектерден қауын-қарбыздағы нитраттың мөлшері қалыпты болды. Сырттан келген Түркістаннан әкелінген қауын-қарбыздардағы нитраттың мөлшері жоғары болды. Халық арасына түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Нитраттың адам ағзасына тигізетін зияны туралы айттық. Адамдар әртүрлі қабылдайды. Қандыағаштың бір сауда орындарында кейбір адамдар арзан бағамен көкөніс, жеміс-жидек алсақ болды, қалғаны маңызды емес дейді. Нитрат табылған жемістерді кейбір адамдар саудагерге апарып тапсырып жатты", - дейді "Ұлттық сараптама орталығы" Ақтөбе облыстық филиалының директоры Шалғынбай Жандосов.

Алға, Шалқар, Мұғалжар аудандарында тексеру жүргізілді. Ақтөбе облысы бойынша 480 тексеріс жасалған. Тексеріс нәтижесінде сырттан келген өнімдерден нитрат мөлшері анықталған. 
"Әрбір тұрғын өсімдік өнімдерін, бақша өнімдерін сауда орындарында сатып алу кезінде, сапасын, қауіпсіздігін көрсететін құжаттарды сұрауға құқылы. Тағам өнімдері сатылып жатқан сауда орындарында, ұялмай сақталып тұрғанын да қарау керек. Өсімдік өнімдерін пайдаланар алдында салқын суға жақсылап жуу керек. Ақтөбе облысы бойынша жұқпалы ішек аурулары, тағамнан улану бойынша тіркелген жоқ", - дейді Гүлбану Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу