"KAZ Minerals" Чукоттағы мыс кенішін сатып алды

719

Жобаның құны қазақстандық компания үшін 900 млн АҚШ долларына шықпақ. 

"KAZ Minerals" Чукоттағы мыс кенішін сатып алды

KAZ Minerals Ресейдің Чукот автономиялы округіндегі Баимская мыс жобасын сатып алу жөніндегі келісімнің жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

Жобаның құны қазақстандық компания үшін 900 млн АҚШ долларына шықпақ. Оның ішінде 675 млн доллар бастапқы ақы болса, 225 млн доллар кейінге қалдырылған ақы.

Баимская – ашық типтегі игерілмеген ірі мыс алаңдарының бірі. Кен қоры 9,5 млн тонна мыс деп бағаланған. Кендегі мыстың үлесі 0,43% болса, әр тоннасынан 0,23 грамм алтын алынады деген болжам бар. Яғни, 9,5 млн тонна кеннен 16,5 млн унция алтын игеріледі деген сөз.

Алғашқы 10 жылда Баим баурайынан 250 мың тонна мыс, 400 мың унция алтын алу жоспарланған. Қалған кенді 15 жылдың ішінде игеру көзделген. Яғни Чукот өңірінде KAZ Minerals тобы кемінде 25 жыл жұмыс істемек. Жобаның техника-экономикалық негіздемесін дайындаған Fluor инженерлік компаниясы кенішті игерудің күрделі шығындарын 5,5 млрд деп бағалап отыр.

"Баимская жобасын сатып алу KAZ Minerals-тың транформациясындағы маңызды қадам.Ресейдегі бұл жаңа жобаны игеру бізге саладағы көшбасшылық өсімді жалғастыруымызға жағдай жасайды. Біз Баимская кенішін игеріп бастаған тұста, мыс тапшылығы пайда болады деген болжам бар. Қазақстандағы Бозшакөл мен Ақтоғай сияқты жобаларды сәтті іске қосудың арқасында біз ауқымды жобаларды іске асыруда тәжірибе жинақтадық" – дейді KAZ Minerals тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук.

Баимская лицензиясының заңды иесі –Aristus Holdings Limited компаниясының 100% еншілес компаниясы саналатын Баимская ТКҚК ААҚ. Сатушының негізгі бенефициар иелері –Роман Абрамович пен Александр Абрамов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу