"ҚазАгро" ауылдағы шағын бизнес пен кооперативтерді қаржыландыруды арттырады

1401

"ҚазАгро" ауылдағы шағын бизнес пен кооперативтерді қаржыландыруды арттырады

 "ҚазАгро" холдингі "Жұмыспен қамту жол картасы-2020" шеңберінде шағын несиелеуге алынған қаражат есебінен және дербес қаражаты есебінен жобаларды қаржыландыру жұмысын бастады. Қазір республикалық бюджет қаражатын пайдаланып, қосымша 10,5 млрд теңге бағыттауды жоспарлап отыр.

Жобалар жылдық 6%-дан аспайтын мөлшерлеме бойынша қаржыландырылып, 9 мыңнан астам жұмыс орны құрылмақшы. Ет, сүт, жеміс пен көкөністің өндірісі бойынша кемінде 192 мың жеке қосалқы шаруашылықты көлеңкелі айналымнан шығаруға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау бойынша 43 жоба холдингтің қарауында жатыр. Өтінімдерді қабылдау одан әрі жалғасуда.

Primeminister.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу