"Қазақ еліне мың алғыс" монументі ашылады

959

"Қазақ еліне мың алғыс" монументі ашылады

Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Леонид Прокопенко айтты.

"Қазіргі таңда Астана бейнесі бүкіл Қазақстанның табыс формуласы деп үлкен сеніммен айта аламын. Астананың 20 жылдық мерейтойын бүкіл Қазақстан халқы ерекше көңіл-күймен күтіп, атап өтеді. Бұл мереке бүкілхалықтық іске айналған. Әр өңір осы мейрамға орай өзінің бірегей архитектуралық сыйлығын жасады. Мен Астанада бейбітшілік және келісім архитектурасы қалыптасты деп айтушы едім. Оған бейбітшілік және келісім сарайы кіреді. Сондай-ақ мереке күндері біз "Қазақ еліне мың алғыс" монументін ашамыз. Ол ботаникалық баққа қарсы орналасады. Жаңа достық үйі мен бейбітшілік қабырғасы да ашылады. Бұл символдар Қазақстан президентінің саясаты тек саяси институттарда жүзеге асып, ақпараттық алаңда ғана кеңінен насихатталып жатпағанын көрсетіп отыр. Елбасы саясаты қазіргі таңда Астананың архитектуралық келбетін қалыптастыру үшін іс жүзінде жүзеге асып жатыр", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу