"Қазақ газеттеріне" басшы тағайындалды

1029

"Қазақ газеттеріне" басшы тағайындалды

"Қазақ газеттері"  жауапкершілігі  шектеулі серіктестігіне  жаңа  басшы болып  Паттеев  Шәмшидин  Әшенқожаұлы  тағайындалды, деп хабарлайды kazgazeta.kz.

Шәмшидин Әшенқожаұлы мемлекетіміздің қоғамдық өміріне белсене араласып жүр. Оның қоғамдық пікірталастарда, түрлі БАҚ-тар арқылы мемлекеттік тіл, оралмандар тағдырына орай айтып жүрген сүбелі ойлары ұдайы көпшіліктің қолдауына ие.

Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген Мәдениет қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері, "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 10 жылдығы", "Астананың 10 жылдығы" медальдарымен марапатталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу