"Қазақ хандығының" екінші маусымының тұсаукесері желтоқсанда өтеді

6541

"Қазақ хандығының" екінші маусымының тұсаукесері желтоқсанда өтеді

"Қазақ хандығы. Алтын тақ" атты ауқымды жобасы екінші маусымының түсірілімдері Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданында жүріп жатыр, деп хабарлайды kazakhfilmstudios.kz.

Тарихи киноның түсірілімдері Алматы облысында мамырдың басында басталған. Кейінірек түсірілім тобы Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан "Елтай" ауылы маңындағы "Иір су" жайлауына ауысқан. Дәл осы жерде түсірілім тобы режиссер Рүстем Әбдірашевтің бастауымен Керей мен Жәнібек хандардың тұрағын  – төрелердің ауылын жасап шыққан.  Шайбандар мен Қазақ хандығының үлкен ұрыс сахнасы да осында түсіріліген.

"Екінші маусымның аты айтып тұрғандай "Қазақ хандығы.Алтын тақ". Қазақ хандығындағы ең бір күрделі кезеңдердің бірі. Жәнібек пен Керейдің Әбілқайыр Шайбани ұрпақтарымен Қазақ хандығының Сығанақтағы тағы үшін тақ таласы. Бұл маусымда тақты, Ақ орданың астанасы Сығанақты қайтару сынды маңызды оқиғалардың айналасында өрбиді. Бірінші маусыммен салыстырғанда бұл әрине әлдеқайда қызықырақ, динамикасы жағынан жылдам. Экшн көп болады. Көрерменге қызықты болады деген ойдамын. Бұйыртса, Түркістанға барып, соңғы, негізгі эпизодтарды түсіреміз, - деді Рүстем Әбдрашев.

Екінші маусымдағы оқиға желісі 1470 пен 1485 жылдар аралығында  өрбіп, Жәнібек ханның қайтыс болуымен аяқталады. Режиссердің айтуынша, негізгі актерлік құрамға екінші пландағы 5 - 6 кейіпкер қосылған.

Продюсердің айтуынша бүгінгі таңда 10 сериялы фильмнің 8 сериясы түсірілген. Сонымен қатар, түсірілімдер Қазақстанның тарихи қалалары – Түркістан мен Таразда да жүреді. Аталған қалаларда маңызды сахналарды қоятын болады. Сериалдың соңғы түсірілім жұмыстары "Қазақфильмнің" павильондарында өтеді.

Түсірілім алаңында реквизиторлар, декораторлар, рестовраторлар және қару-жарақ жасаушылардан тұратын суретшілер департаменті XV ғасырдың ауылын тұрғызған.Түсірілімдер үшін отыздан астам қырғыздың және жергілікті киіз үйлерін жалға алған. Көптеген тулар, әскери шатырлар, көп мөлшерде үй мен далаға қажетті жабдықтар, құрал-саймандар жасалған. Ал бас кейіпкерлердің ат сауыты Қытайда тігілген.  

Жоба барысында 200 астам отандық кинематографтың білікті мамандары жұмыс жасап жатыр. Фильмнің сценарийін Смағұл Елубай, Тимур Жақсылықов, Рүстем Әбдірашев Ілияс Есенберлиннің "Алмас қылыш" романының негізінде  жазып шыққан. 

Сериалдың тұсаукесері биыл желтоқсан айына жоспарланған.

Фильмнің режиссері – Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, кинорежиссер, сценарист және суретші Рүстем Әбдірашов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу