"Қазақ қызы" байқауының жеңімпазы анықталды

933

"Қазақ қызы" байқауының жеңімпазы анықталды

Астана қаласының колледж студенттері арасында өткен "Қазақ қызы" қалалық байқауының қорытындысы шықты, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Байқау төрт кезеңнен тұрды. Атап айтсақ: "Мен қазақтың қызымын" таныстыру, "Өнерлі өрге жүзер" өнер көрсету, "Қыз еркем – кестесімен көркем" ою-өрнек ою, "Білгенге маржан" білім сайысы.

Байқау қорытындысы бойынша I орын Көлік және коммуникация колледжінің студенті  Индира Кеңеске, II орын М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Ақмола колледжі студенті  Ақниет Нұрманға, III орын Басқару колледж інің студенті  Айгерім Бектеубаеваға бұйырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу