Рашид Күзембаев "Қазақ туризм" Ұлттық компаниясына басқарма төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды ҚР мәдениет және спорт министрлігінен.
Рашид Талапұлы Қарағанды облысының тумасы. Мәскеу мемлекеттік университетінде білім алған.
Еңбек жолын "Алтын Алма" АҚ экономикалық сараптама бөлімінің басшысы болып бастаған.
ҚР мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің бас маманы, комитеттің Қаржы және бухгалтерлік есеп бас басқармасы басшысының орынбасары, басшысы, Қаржы және экономика департаменті бас директорының орынбасары, директор және бас директордың кеңесшісі болды. Бұдан кейін де бірнеше лауазымды қызметтерді абыроймен атқарған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу