Қытайлық Цзинань қаласында кәсіпқой бокс кеші болған, мұнда "Қазақ жауынгері" Елхат Ниғметоллы титулды кездесуін өткізді, деп хабарлайды prosports.kz
Аса жеңіл салмақта WBO тұжырымы бойынша Азия чемпионы белбеуі үшін жекпе-жекте Елхат таиландтық Кайонсак Потангті екінші раундта нокаутқа түсірді.
Айта кетейік, "Қазақ жауынгері" лақап атымен өнер көрсететін Елхат Ниғметоллы Қанат Исламның жерлесі саналады. Екеуі де Синьцзян провинциясы, Іле-Қазақ автономды округіндегі Алтайда дүниеге келген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу