"Қазақалтынның" кенішінде екі адам қаза тапты

999

  "Қазақалтынның" кенішінде екі адам қаза тапты

"Қазақалтын" кәсіпорнының кенішіне алтын қазу мақсатымен заңсыз енген екі адам кенішке құлап қаза тапты, тағы біреуі жарақат алды, деп хабарлады Ақмола облыстық ТЖ департаментінен "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне.

Оқыс оқиға жексенбіге қараған күні Ақсу кентіндегі "Қазақалтынның" №38 кенішінде орын алды. Заңсыз алтын қазушылардың кенішке қалай құлап кеткені әзірге белгісіз. 1988 және 1990 жылы туған екі ер адам қаза тапты, 1980 жылы туған тағы біреуі ауруханаға жатқызылған. Аталған факті бойынша тексеру басталды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу