Алматы қаласы әкімшілігі "Қазақфильм" меншігіндегі жерді алмақ

707

Алматы қаласы әкімшілігі "Қазақфильмнен" тартып алатын жерге  "Ethnoland" ұлттық-мәдени кешенін салмақ.

Алматы қаласы әкімшілігі "Қазақфильм" меншігіндегі жерді алмақ

Алматы қаласының әкімшілігі Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының 5 гектар учаскесін мәжбүрлі түрде тартып алмақ.  Компания осылай деп  дабыл қақты.

Компания Алматы қаласының әкімшілігінің "Қазақфильм" меншігіндегі жер учаскесінен 5,5482 гектарды "Ethnoland" ұлттық-мәдени кешен салу мақсатында тартып алғысы келетінін айтады.

"Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ бұл мәжбүрлеуімен келіспей, "Алматы қ. жер қатынастары басқармасы" КММ-ді ҚР жер заңнамасына қайшы әрекет жасауда дейді. Уақытша жер учаскесін пайдалану құқығы туралы 2010 жылы қабылданған жер актісінде, киностудияға 50 жылға жалға берілген жер телімі бөлінбейді деп көрсетілген екен.

Айта кетелік, Алматы қаласының әкімшілігі тартып алғалы жатқан учаскеде "Қазақ хандығы" сериалының декорациясы бірнеше жылдан бері тұр. Аталған декорация бүгінгі таңда тек Қазақстан кинематографистерінің емес, сонымен қатар, шетелдік киногерлер пайдасына да жарап тұр. Аталған учаскеде "Томирис" картинасына арналған декорация соғылып жатыр. Оның түсірілімдері қыркүйек айында басталғалы отыр.   

Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ аталған территориясындағы бар декорациялардан бөлек, басқа да фильмдерге арнап түсірілім алаңдарын тұрғызбақ. Атап айтқанда, "Елбасы жолы" киноэпопеясының "В эпицентре мира" атты фильмі және де басқа да маңызы зор көркем туындылар.

"Жер учаскесі тартып алынған жағдайда фильмдерді түсіру үрдісі тоқтап, ҚР мәдениет және спорт министрлігі бекіткен тақырыптық жоспар орындалмай қалу қаупі төніп тұр", - деп уәж айтуда компания.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу