"Қазақфильм" балалар арасында кастинг жариялады

1615

 "Қазақфильм" балалар арасында кастинг жариялады

Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы "Махаббат. Үміт. Астана" сериалына балалар арасында кастинг жариялады, деп хабарлайды киностудияның баспасөз қызметі.

Сериалды ҚР мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ ресейлік "Студия кино" компаниясымен бірлесе отырып түсіргелі жатыр. 
Кастингке Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында тұратын балалар қатыса алады. 
Бала туралы ақпаратты (аты- жөнін, туылған жылын, бойын, басқа да түсірілімдерге қатысқаны туралы) және фотосуретті astanacasting@gmail.com электронды поштасына жіберуге болады.   
Елорданың мерейтойына арналып түсірілетін төрт сериалы көркем туынды Ресейдің "Первый канал" телеарнасынан көрсетілетін болады. Сериалдың режиссерлері – Иван Глубоков (Ресей) және Олжас Ермекбаев (Қазақстан).  Аталған фильм мистика және фантастика элементтері бар мелодрама жанрында түсіріледі. 
"Махаббат. Үміт. Астана" сериалының тұсаукесері 2018 жылдың 6 шілдесіне – Астана қаласы күніне жоспарланған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу