"Қазақфильм" Жақсылық Үшкемпіров туралы фильмге кастинг жариялады

1187

"Қазақфильм" Жақсылық Үшкемпіров туралы фильмге кастинг жариялады

Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ "Жеңімпаз" атты көркем фильм түсіреді. Картина Кеңес одағының классикалық күресшісі, Әлем чемпионы, Олимпиада чемпионы, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1980), Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы – Жақсылық Үшкемпіровтың өмірі туралы болмақ, деп хабарлайды киностудияның баспасөз қызметі.
Фильмнің режиссерлері – Бақыт Қайырбеков пен Алексей Каменский.
"Қазақфильм" киностудиясы аталған жобада басты және эпизодтағы рөлдерді сомдауға актерлер таңдайды. 
Кастингеке 5-7 жас аралығындағы ұл балалар (жүзе біліп, атқа міне алулары қажет), 9-15 жас аралығындағы қыз балалар, 15-29 жас аралығындағы жас спортшылар (күресе білулері қажет), 30 дан 60 жасқа дейінгі спортшы ер адамдар (күресе білулері қажет), 18-22 жас аралығындағы студент қыздар, 20 дан 60 жас аралығындағы ер адамдар мен әйел адамдар қатыса алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу