"Kazakh Invest" халықаралық компаниялармен бірқатар келісімге қол жеткізді

844

  "Kazakh Invest" халықаралық компаниялармен бірқатар келісімге қол жеткізді

Annual Investment Meeting (AIM) жыл сайынғы VIII инвестициялық форумы аясында "Kazakh Invest" ҰК Дубайда арабтың ірі компанияларымен және халықаралық компания өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Атап айтқанда, Kazakh Invest басшылығы General Electric, Al Ahli Holding Group, Al Nowais Investments, KAAF Investments, Loukil Group, Phoenix Global DMCC, Royal International Group компаниялар тобымен, Kanoo Group, Petromal және т. б. ғаламдық ойыншылармен келіссөз жүргізіп, келісімдерге қол жеткізді.

Сонымен қатар БАӘ экономика министрлігімен, БАӘ Халықаралық инвесторлар кеңесімен, Абу-Даби экономикалық даму департаментімен, "Fujairah Free Zone" АЭА және "Shurooq" Шаржа әмірлігінің инвестициялар және даму агенттігімен келіссөздер сәтті өтті.

Сондай-ақ, AIM пленарлық сессиясында Kazakh Invest басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерімен, оның ішінде, ҚР экономикасына инвестициялар тарту саласындағы индустриалды-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау құралдарымен және шараларымен таныстырды.

Инвестициялар тарту саласындағы екіжақты өзара қарым-қатынасты дамыту үшін Kazakh Invest пен Annual Investment Meeting арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Кездесулердің нәтижесінде трансұлттық компаниялар Қазақстан экономикасының басымдықты салаларындағы бірқатар инвестициялық жобаға қызығушылық танытты.

Сапар қорытындысы бойынша Kazakh Invest БАӘ мен ҚР бизнес қауымдастықтарының инвестициялар тарту, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және іске асыру мәселелері бойынша екіжақты өзара қарым-қатынасты үйлестіруді жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу