Ұлттық компания өкілдері Павлодарға келіп, өңір басшысын инвестиция тарту бойынша алдағы жұмыстармен таныстырды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық әкімдікте өткен кездесу барысында "Kazakh Invest" АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Біржан Кенешов компания инвестиция тарту бойынша халықаралық тәжірибені зерттегенін атап өтті және оны Қазақстанда жүзеге асыратын болады.
- Жердің айналасында шамамен екі триллион доллар еркін ақша айналып жүреді, - дейді "Kazakh Invest" компаниясының топ менеджері. – Сондықтан біз бұл қаржының Қазақстанда қалатындай жағдай жасауымыз керек. Бұл қарапайым тапсырма емес. Себебі осы ақшаға 500-ге жуық агенттік бәсекелестік білдіруде және біздің елге бекерге басқа біреу ақша әкеліп бермейді.
Ұлттық компания кез келген бизнесмен үшін қазақстанға инветиция салуға дайын бір терезеге айналады. Нақтырақ айтсақ, кәсіпкерлер үшін қандай да бір қағаздарды рәсімдеу шаралары бойынша "Kazakh Invest" қызметкерлері жұмыс істейді. Ол үшін Қазақстанның әрбір өңірі үшін, оның ішінде Павлодар облысында компанияның жеке өңірлік өкілі болады.
- Біз инвестиция тарту бойынша жергілікті агенттіктің кеңсесінде болдық, - деді Біржан Қанешев. – Бұл Қазақстандағы алғашқы тәжірибе және біздің жобалық кеңсе қолдау білдіретін тиімді құрылым.
Жиынға шикізат тауарларын саудалаумен және тиісті логистикамен айналысатын "Trafigura" трансұлттық компаниясының өкілдері де қатысты. Олар ынтымақтастық бойынша инвесторлар ұсынған сызбаны қолдайтындарын жеткізді.
- Барлық мемлекеттік органдардың бірінші міндеті – инвесторларға көмектесу, - деді Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов. – Орташа есеппен алғанда бір өңірге бір инвестордан келеді. Сондықтан оларды алақанда ұстау керек.