"KazakhExport" Экспорттық сақтандыру компаниясы" және "Сбербанк" АҚ ЕБ "Кайнар-АКБ" ЖШС-не шикізат сатып алу үшін айналым қаражаттарын толықтыруға қолдау көрсетті. Қаржыландыру қазақстандық аккумулятор батареяларын өндірушіге экспортқа шығарылатын өнімнің көлемін арттыруға мүмкіндік береді.
2017 жылы "Кайнар-АКБ" ЖШС Ресей нарығына 850 000 аккумулятор шығарды, ал осы жылы 1 миллион данаға дейін көбейтуді жоспарлап отыр, делінеді "KazakhExport" АҚ-ның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
"Қайнар-АКБ" ЖШС – бизнесі қарқынды дамып келе жатқан компания, ол "Сбербанк" АҚ ЕБ мен "KazakhExport" ЭСК" АҚ ұсынған экспортерлерді қолдау құралдарын белсенді қолдануда, – деп атап өтті "Сбербанк" АҚ ЕБ басқарма төрағасының орынбасары Ельдар Теңізбаев, – яғни, құжаттамалық аккредитивтерді сақтандыру мен сауданы қаржыландыру".
Өз кезегінде, "KazakhExport" Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Руслан Исқақов "мемлекеттік қолдау сөзсіз "Қайнар-АКБ"-нің бәсекеге қабілеттілігін арттырады” деді. Оның ресейлік дистрибьюторын былтырғы жылдан бастап KazakhExport қаржыландыруда (сауданы қаржыландыру). Енді, жаңа серіктес дистрибьютермен экспорталды қаржыландыру схемасы бойынша жұмыс істеу барысында, қазақстандық экспортер тауарды төлем мерзімін ұзарта отырып жеткізетін болады, бұл оған сыртқы нарыққа шығуда артықшылықтар береді".
"Қайнар-АКБ" ЖШС-нің өнімдері қазақстандық тұтынушыға жақсы таныс. Талдықорғанда жасалған аккумулятор батерялары сыртқы нарыққа Ресейге, Өзбекстанға, Қырғызстанға, Әзірбайжанға, Тәжікстанға, Беларусьқа, Қытайға және БАӘ-не жеткізіледі.