"KazakhExport" ВТБ-ге шартты салымдарды орналастырады

659

"KazakhExport" ВТБ-ге  шартты салымдарды орналастырады

KazakhExport пен ВТБ банкі (Қазақстан) экспорттаушыларға қолдау көрсету үшін бірікті, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі. 

"KazakhExport" ЭСК" АҚ мен ВТБ банкі (Қазақстан) АҚ ЕБ шартты банк салымдарын орналастыру жөніндегі келісімге қол қойды. Екі институттың ынтымақтастығы отандық экспорттаушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. KazakhExport ВТБ-ге шартты салымдарды орналастырғаннан кейін банк экспорттаушыға жеңілдікпен қарыз капиталын бере алады.

Сөйтіп, экспорт алдындағы қаржыландыру экспорттаушыға шикізатты уақтылы сатып алуына, айналым қаражаттарын толықтыруына, кассалық алшақтықты қысқартуға және нәтижесінде – экспорт көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

"ВТБ-мен серіктестіктің шикізаттық емес экспорт көлемін ұлғайту бойынша келешегі зор. 2017 жылдың басынан беру компания екінші деңгейдегі банктер арқылы 50-ден астам экспорттаушыларға қолдау  көрсетті, мұндай экспорттық келісімшарттардың жалпы сомасы 200 млрд теңгеден асты", - деді"KazakhExport" ЭСК" АҚ басқарма төрағасы Руслан Искаков.

ВТБ-де KazakhExport-пен келісім экспортқа бағытталған қазақстандық кәсіпорындарға ұсынылатын қаржы құралдарының өрісін кеңейтуге мүмкіндік беретіні атап өтілді.

"Банктің отандық экспорттаушыларға қолдау көрсету мүмкіндігі пайда болды. Енді олар айналым капиталын барынша тиімді шартпен толықтыра отырып экспорттық мәмілелерді жүргізген кезде тәуекелдерін де сақтандыра алады", - деді ВТБ банкінің (Қазақстан) басқарма төрағасы Дмитрий Забелло.

Экспорт алдындағы қаржыландыру – "KazakhExport"-тің шикізаттық емес экспортты қолдаудағы негізгі құралдарының бірі, қазақстандық екінші деңгейлі банктер арқылы қазақстандық экспорттаушыларға айналым қаражаттарын толықтыру және экспорттық келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындау мақсатында беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу