"Қазаққа ғашық болмаудың 5 себебі" фильмі көрсетіледі

984

"Қазаққа ғашық болмаудың 5 себебі" фильмі көрсетіледі

Желіге "Қазаққа ғашық болмаудың 5 себебі" фильмінің ресми трейлері жүктелді. Фильм - продюсер әрі актриса Әсел Сәдуақасованың және режиссер Асқар Ұзабаевтың біріккен жобасы, деп хабарлайды brod.kz.

"Қазаққа ғашық болмаудың 5 себебі" кинотаспасы шетелде оқып, отанына оралған Динара туралы баяндайды. Бірақ, кейіпкер жалғыз емес, жігітімен бірге келеді. Бойжеткеннің әкесі жалғыз қызының қазаққа шығуын қалап, оның таңдауын құптамайды. Көп ойланбай, Динара жалған қазақ күйеу жігітті тауып алады, басты кейіпкердің не себепті мұндай қадамға барғанын жақында біле аласыздар.

Сценарийін көптеген отандық комедиялардың авторлары Сәбит Рахымбаев және Әуэз Әуэзов жазды. Авторлардың айтуынша, қазақстандықтар отбасы құндылықтары мен дәстүрді дәріптейтін әсерлі махаббат хикаясына куә болмақ.

Экрандағы Динара образын Әсел Сәдуақасова сомдады. Шетелдік ғашық жігіт рөлінде Морган Сеги болса, қазақ күйеу жігітінің рөлін Нұржан Садыбеков алып шыққан. Комедия Алматыда осы жазда түсірілді.

"Қазаққа ғашық болмаудың 5 себебі" фильмі айналымға биыл 28 желтоқсанында шығады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу